Өткен тәулікте коронавирустан 472 адам жазылып шықты. Сөйтіп аурудан айыққандардың жалпы саны 97 мыңнан асты. Бір күнде 72 адамнан COVID-19 анықталса, коронавирус белгісі бар пневмонияны жұқтырудың 27 жағдайы тіркелді. Осылайша, індетке шалдыққандар саны 131 мыңнан асты.