Ресейде коронавирусқа қарсы екпе егу 5 қыркүйекте басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирусқа қарсы екпе егу 5 қыркүйекте басталады

02.09.2020

Ресей коронавирусқа қарсы екпе жасауды 5 қыркүйекте бастауды жоспарлап отыр. Бұл елде жасалған вакцинаның клиникалық сынақтары тамызда аяқталған. Бұл процеске еріктілер қатыса алады. Егу әуелі Мәскеудегі 10 емханада басталып, кейін 20 емдеу орнын қамтиды деп жоспарланып отыр.

Әзірге вакцина санаулы адамдарға салынады. Олар бірнеше күн бақылауда болады. Қажетті зерттеулер мен талдаулар жүргізілмек. Айта кетейік, 11 тамызда ел Президенті Владимир Путин COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелгенін хабарлаған. Ал Қазақстан бұл вакцинаны барлық қажетті сынақтар жүргізілгеннен кейін ғана сатып алады.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу