Мәжіліс Жолдауды заңнамалық қамтамасыз етуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс Жолдауды заңнамалық қамтамасыз етуге дайын

02.09.2020

Мәжіліс Мемлекет басшысының Жолдауын заңнамалық қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. Ол ең алдымен жыл соңына дейін мемлекеттік қызмет жүйесін қайта жаңғырту үшін мемлекеттік қызмет туралы заңға түзету енгізу қажеттігі туралы айтты. 

Сонымен қатар, Президенттің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдаланып, Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту керектігіне тоқталды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында уақыт талабына сай даму бойынша негізгі бағыттарды және батыл қадамдарды көрсетіп берді. Ол – еліміздегі барлық салаларға арналып отыр. Сондықтан осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету депутаттық корпустың негізгі міндеті болып табылады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу