Ұстаздар: Бірыңғай онлайн білім беру платформасы оқу процесін жаңа бағытта дамытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздар: Бірыңғай онлайн білім беру платформасы оқу процесін жаңа бағытта дамытады

01.09.2020

Президент Жолдауы – білім саласына тың серпін беріп, мұғалімдерге зор жауапкершілік жүктеді. Бұл – ұстаздардың пікірі. Педагогтар Мемлекет басшысы айтқан Бірыңғай онлайн білім беру платформасы оқу процесін жаңа бағытта дамытады деген сенімде. Еңбекақының көбеюі де ұстаздар қауымының қоғамдағы мәртебесін арттыра түспек.

Әуре Жолдасова, Атырау қалалық №36 мектеп-гимназиясының директоры: 

- Ұстаздар үшін үлкен қуанышты жағдай - олардың еңбекақысын 25 пайызға көтеру. Бұл енді мұғалімдерге жаңа оқу жылы алдында үлкен бір серпін береді. Президентке барлық ұстаздар атынан үлкен алғысымды білдіремін.

 Мәдениет Шоқаев, Петропавл қалалық классикалық гимназияның мұғалімі:

- Ұстаздарға, ата-аналарға және де оқушыларға аса жауапкершілікті қажет етеді. Білім деңгейін арттыруға, технологияларды үйренуді, қолдануды әріпестеріміздің, оқушылардың деңгейін дамытады деп ойлаймын. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу