Депутаттар Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді

01.09.2020

Президенттің халыққа Жолдауы қоғамдағы өзекті мәселелерді жан-жақты қамтыды. Дәстүрлі Жолдаудың қазіргідей күрделі кезеңде жасалуының да маңызы айрықша. Бүкіл әлем үшін де, еліміз үшін де ерекше уақытқа тап келді. «Бұл құжат барлығымызға зор міндет жүктейді», - деді депутаттар. 

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Президент қазіргі қалыптасқан онлайн білім беру жүйесіне қатысты өзінің сыни пікірін айтты. Біз елді аралағанда бұл мәселені көтергенбіз. Қазір біз қалыптасқан дәстүрлі білім беруді жалғастыру мәселесін қарауымыз керек. Менің ойымша, ата-аналардың келісімімен балаларды дәстүрлі білім беруге көшіруге мүмкіндік бар деп есептеймін.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Президенттің айтқан жақсы бір жаңалығы - қазақ зиялыларына үлкен мүмкіндік берілетінін айтты. Ұқыптылық мәселесі, байсалдылық мәселесі.

Хабарламаларға жазылу