Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізілуі мүмкін

29.08.2020

Ата заңға заман талабына қарай өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сенат депутаттары осындай ұсыныстар түсіп жатқанын айтты, құжаттың маңыздылығына тоқталды.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Өмір өзгерістерден тұрады. Өзгермейтін ештеңе жоқ. Парламенттің енді жаңадан жұмысы басталады. Көптеген іргелі өзгерістерді Президентіміз ұсынып жатыр. Солардың барлығы да заң жолыменен реттелетін болады.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Осы уақытқа дейін бірнеше өзгерістер енгізілді Конституцияға. Өзгеріс енгізудің негізгі мақсаты – еліміздің, халқымыздың әлеуетін көтеру.

 Ғұмар Дүйсембаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Конституцияның ішінде әр салада нақты жазылған тақырыптары бар. Ол бойынша Президенттің Жарлығы болсын болсын, Үкіметтің шешімдері болсын, министрліктің шешімдері болсын Конституцияға сай келмесе, ол заңсыз деп есептеледі.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу