ШҚО-дағы жер үйлерге улы газға қарсы дабыл беретін қондырғылар орнатылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы жер үйлерге улы газға қарсы дабыл беретін қондырғылар орнатылуда

28.08.2020

Шығыс Қазақстанда пешпен жылытылатын жер үйлерге түтін мен улы газға қарсы дабыл қондырғысы орнатылуда. Мұндай құрылғыларды өрт сөндірушілер соңғы 3 жылдан бері аз қамтылған отбасыларға тегін қойып жүр. Жазатайым оқиғаның алдын алу үшін алдағы жылыту маусымында 2500 үйге қондырғы орнату көзделген. 

Құрылғы түтін я газ шыққан бойда дыбысты сигнал береді. Пеш жағып отырған жұрттың қауіпсіздігіне кепіл болған қондырғының қажеттілігіне бүгінде бәрінің көзі жеткен. Мәселен, биыл Бородулиха, Абай, Ұлан және Бесқарағай ауданында барлығы 23 адам иіс тиюден аман қалды. Олардың 17-сі - бала. 

Әдия Нұрсейітова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Сақтық шаралары өте қажет. Мүмкіндік болса әр үйде болса деген ойдамын. Неге десеңіз, қазір аяқ астынан өрт шығып жатыр.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу