Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер тізімі анықталды

28.08.2020

Әдебиет және өнер саласы бойынша Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлердің тізімі анықталды. 

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында 39 жұмыс тіркеліп, оның 11-і жасырын дауыс беру арқылы келесі кезеңге өтті. Қоғамдық талқылауға түсетін үздіктердің арасында Мырзатай Жолдасбек, Серік Ақсұңқар, Сауытбек Абдрахманов, Роза Мұқанова, Шөмішбай Сариев сынды қаламгерлер мен суретші Алпысбай Қазығұл бар. Қоғамдық талқылаудан соң, комиссияның қортынды отырысы қазан айында өтеді. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу