Италияда қазақстандықтар мінген кеме отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда қазақстандықтар мінген кеме отқа оранды

27.08.2020
Италияда қазақстандықтар мінген кеме отқа оранды

Италияда шағын кеме отқа оранып, кейін суға батып кетті. Ондағы жолаушылардың ішінде қазақстандық туристер де болған.

Lady MM кемесі Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан жолда өртенген. Апат кезінде бортта 17 адам болған. Оның сегізі - қазақстандық турист, ал қалған 9-ы — экипаж мүшесі. Олар шағын қайыққа отырып, қауіпсіз жерге шыққан. Сол жерден жағалау күзеті құтқарып алған. 

Өртті екі катер және тікұшақ сөндірді. Оның неден шыққаны белгісіз.

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу