Ауылдықтарға несие беру шарттарын жеңілдету керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдықтарға несие беру шарттарын жеңілдету керек

26.08.2020

«Ауыл бизнесін дамыту үшін ең əуелі несиелендіру шарттарын жеңілдету керек», - дейді «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып жатқан Сəулет Рымбеков. Қазір ол Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында шаруаларға несие беретін серіктестікті

басқарады. Бұл ауданда жылқы шаруашылығы жақсы дамыған, бүгінде Жаңарқаның қымызын білмейтін қазақ жоқ. Енді өндірісті дамыта түсу үшін қосымша қаржы керек. Несие алуға ниетті көпшілік кепілдікке қоятын дүние-мүлік таппайды. Партияішілік іріктеуге түскен үміткер осы мəселені шешудің бірқатар тетіктерін ұсынбақшы.

Сəулет Рымбеков, кəсіпкер:

- Мақсатымыз - партияның жергілікті жерлердегі, бастауыш ұйымдардағы беделін арттыру, оған қолдан келгенше жан-жақты көмек беру. Сонымен бірге өзімнің салам бойынша кепіл механизімін əрі қарай жетілдіріп, біздің өзіміздің тəжірибемізді қоса отырып, ауыл шаруашылығына қолжетімді, сияқы үстемемен несие беруді қолға алсақ деген ойдамыз.

Саяси науқанға қатысуға ниет білгендердің бірі - айтыскер ақын Мұхамед Қонқаев. Бүгінде Көкен Шəкеев атындағы жас ақындар мектебінің жетекшісі. Көптеген облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы билік пен халық арасына жалынды жырларымен алтын көпір салып жүр. Ол өз жоспарында жастар мəселесін дамытуға қатысты бірнеше ауқымды жобаны қолға алып, қарқынды жұмыс істеуді көздейді.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу