Аида Балаева журналистика факультетінде жаңа пән енгізуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аида Балаева журналистика факультетінде жаңа пән енгізуді ұсынды

26.08.2020

Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистика факультетіне «Медиа жəне ақпараттық сауаттылық» пəнін енгізуді ұсынды.

Жоғары оқу орындарының ректорларымен онлайн кездесу өткізген ведомства басшысы журналистер даярлау ісіндегі мəселелерді талқылады. Əсіресе, жас мамандардың тек теориялық білім алып, жұмысқа практикалық тұрғыда дайын болмауы өзекті. «Сол себепті студенттердің 1-курстан бастап мемлекеттік БАҚ-тарда тəжірибеден өтуіне министрлік көмектесуге дайын»,- деді ол. Ал ректорлар Қазмедиа орталығының ішінде, сондай-ақ телеарналар мен газеттердің редакциясында журналистика кафедраларының филиалын ашу туралы ұсыныс білдірді.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі:

- Жоғары оқу орнындағы жас мамандарды нақты сала бойынша дайындау, атап айтқанда ауыл шаруашылық саласы, экономика, қаржы, медицина, экология жəне де басқа бағыттар бойынша үйрету ісіне көп сын айтылады. Бұл орайда министрлік медиа саласы мамандарын дайындау бойынша арнайы жоба əзірлеп отыр. Сонымен қатар білім беру жүйесінің деңгейімен тиімділігін арттыру үшін жыл сайын студенттер арасында «Үміт» конкурсын өткізу жоспарланып отыр.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу