Алматыдағы «Қиял әлемі» саябағына айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Қиял әлемі» саябағына айыппұл салынды

25.08.2020

Алматыдағы «Қиял әлемі» саябағы санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Нысанның кіреберісінде кезекте тұрған ондаған адамның видеосы желіде жарияланған еді. Көбінде маска жоқ және әлеуметтік ара қашықтық сақталмағанын байқауға болады. Мамандардың мәліметінше, тиісті хаттама толтырылып, саябақ басшылығына айыппұл салынған.

Сәуле Алпамышева, қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкері:

- Саябақ әкімшісі келушілер ағынын реттемеген. 319 471 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу