Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта ашылады

24.08.2020

Қазақстан мен Түркия арасындағы əуе қатынасы 27 тамыздан бастап қайта жанданады. Еліміздегі эпидахуалдың оңалуына байланысты Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі мен Көлік жəне инфрақұрылым министрлігі Қазақстаннан келетін жолаушы ұшақтарын қабылдауға əзір екендіктерін білдірген. Алғашқы рейстер 29-30 тамыз күндері Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Анталья мен Стамбулға ұшады. Ал 1 қыркүйектен бастап рейстер күнделікті ұша бастайды. 

Түркияға баратын жолаушылардан ешқандай тест талап етілмейді. Тек əуежайға келген жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Егер ауру белгісі білінсе, сол жерде бірден тест тапсырады. Коронавирус анықталған жағдайда, Түркиядағы ауруханаға емделуге жіберіледі.

Əділ Қарайсмайлоғлы, Түркияның көлік жəне инфрақұрылым министрі:

- 20 маусымда басталып, 4 шілдеде қайта тоқтатылған Қазақстан мен арадағы əуе қатынасын қайта жандандыру туралы шешім қабылдадық. Алдымен транзиттік рейстер, кейінірек тікелей рейстерді қабылдаймыз. Бұдан бөлек тағы 48 елмен шекараны ашу туралы келісімге келдік.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу