Оралда Күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда Күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды

13.06.2014
Оралда Күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды
Орал қаласында облыстық мамандандырылған Күзет қызметі басқармасы басшысының орынбасары Берік Бижанов қамауға алынды.
 
Қаржы полицейлері оған «пара алды», деген айып тағып отыр.
 
Бижанов Сырым және Қаратөбе аудандарындағы басқарманың қызметкерлерінен жүйелі түрде ақша жинап отырған.
 
Басшының өктемдігіне шыдамаған қызметкерлер маусымның 2-і күні Қаржы полициясына шағымданған.
 
Онда олар бірігіп, 30 мың теңгені жинап бергендігін айтқан.
 
Гүлмира Кенжеғалиева, облыстық соттың баспасөз хатшысы:
Орал қалалық соты Бижановтың ауыр санатқа жататын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандығы үшін айыпталғандығын ескере отырып, бостандықта жүріп, тиісті тергеу әрекеттерін жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін, деп есептеп, оны екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу