Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім мерт болды

21.08.2020
Алматы облысында селфи жасамақ болған екі жасөспірім мерт болды

«20 тамыз күні сағат 19:19 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданы Бескөл ауылында балық зауытының маңында бөлек тұрған ғимаратта 2004 және 2005 жылы туған екі жасөспірім суретке түсу кезінде қаза тапты. 2004 жылы туған үшінші адам оң аяғы сынып, Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар оқиға орнына келген бойда жасөспірімдерді 1991 жылдан бері жұмыс істемей тұрған 2 қабатты ғимараттың ішінде бетон плита басып қалғанын анықтады. 

«Құтқару жұмысын жүргізуге Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінен 7 құтқарушы мен 3 техника және басқа мекемелерден 7 қызметкер мен 3 техника тартылды», делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу