Данэлия Төлешова «America's Got Talent» шоуының жартылай финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Данэлия Төлешова «America's Got Talent» шоуының жартылай финалына өтті

20.08.2020

Данэлия Төлешова тағы биіктен көрінді. Жас əнші америкалық «America's Got Talent» таланттар шоуының жартылай финалына өтті. 14 жасар жұлдыз Гарри Стайлздың «Sign of the Times» əнін тамаша орындап шықты. Оған көрермендер мен қазылар алқасы орындарынан тік тұрып қошемет көрсетті.

Айта өтейік, танымал əлемдік шоуда жартылай финалистер көрермендердің дауысы арқылы таңдалды. Дауыс беру АҚШ-тағы NBC сайтында өткізілді. Қатысушыларға қазылар алқасы да ұпай береді. Ал, шоудың жартылай финалының уақыты мен қазақстандық жұлдыздың қандай композияция орындайтыны əзірге белгісіз.

Хабарламаларға жазылу