Қызылорда облысында полицейлер есірткі өсірушілерді тікұшақпен қуып ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында полицейлер есірткі өсірушілерді тікұшақпен қуып ұстады

20.08.2020
Қызылорда облысында полицейлер есірткі өсірушілерді тікұшақпен қуып ұстады

Ішкі істер министрлігіне қарасты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы мен арнайы бөлімшелер Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекараларын тікұшақпен барлау кезінде Қызылордадан 320 километр қашықтықта қарасораны қолдан өсіру плантациясын анықтап, сол маңға жақындай берген кезде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылған екі Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі қашып кетпекші болды. 

Көліктегілер полиция қызметкерлерінің талабына бағынбағандықтан, тәртіп сақшылары оларды тоқтату үшін бірнеше рет дөңгелекке оқ атқан. Содан кейін ғана екі көлік тоқтауға мәжбүр болып, жергілікті үш тұрғын ұсталды. 

Күдіктілерді ұстау барысында біреуі жарақат алған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, медициналық мекемеге жеткізілген. Оның өміріне қазіргі уақытта еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Хабарламаларға жазылу