COVID-19 қарсы қазақстандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеуден өтті

19.08.2020

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның клиникаға дейінгі сынағы аяқталды. Бұл туралы дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы хабарлады. Мамандардың айтуынша, жануарларға вакцинаның күшейтілген дозасы салынып, қауіпсіздігі мұқият тексерілген. Зерттеу кезінде оның ағзаға аллергиялық реакциясы жоқ екені анықталды. «Бірақ қолданысқа беру үшін əлі ауқымды клиникалық зерттеу қажет», - дейді мамандар. Бұл қыркүйек айына жоспарланып отыр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу