ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцинаны үлестірудің жаһандық жоспарын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцинаны үлестірудің жаһандық жоспарын ұсынды

19.08.2020
ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцинаны үлестірудің жаһандық жоспарын ұсынды

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус COVID-19-ға қарсы вакцинаны жасау мен өндіруде оқшаулану тәсілін қолданбауға шақырды. Ол екі кезеңнен тұратын вакцинамен қамтамасыз етудің жаһандық жоспарын ұсынды.

ДДСҰ басшысы диагностиканың жаңа құралдарын, дәрі-дәрмектер мен вакциналарды әзірлеу жүріп жатқан қазіргі кезде өткен қателіктерді қайталамай, «вакциналық ұлтшылдықтан» аулақ болуға шақырды. 

ДДСҰ басшысы мәлім еткендей, әділеттілік және теңқұқылық қағидаттарын негізге ала отырып вакциналарды үлестіру жоспары екі кезеңнен тұрады. 

Бірінші кезеңде вирустың таралуының жалпы тәуекелін төмендету үшін вакцина оны әзірлеу бойынша жаһандық механизмге қатысып жатқан барлық мемлекетке тең көлемде және бір мезгілде жеткізіледі. 

Екінші кезеңде қауіп-қатер мен осалдық ауқымы назарға алынатын болады. Бұл жерде мәселе, ең алдымен, медицина қызметкерлері мен әлеуметтік қызметшілер, сондай-ақ қарт және созылмалы аурулары бар адамдар туралы болып отыр. 

«Егер біз тәуекел тобындағы адамдарды бір мезгілде қорғай алмасақ, денсаулық сақтау жүйелерін жылдам тұрақтандыра алмаймыз және жаһандық экономиканы қалпына келтіру мүмкін болмайды», - деді ол.

inform.kz 

Хабарламаларға жазылу