Алматыда жастарды жұмысқа орналастыратын мобильді орталықтар іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жастарды жұмысқа орналастыратын мобильді орталықтар іске қосылды

18.08.2020

Алматыда жастарды жұмысқа орналастыратын көшпелі орталықтар іске қосылды. Еңбек етуге ниетті тұрғындарға түрлі бағыттағы бос жұмыс орындары ұсынылады. Ол үшін қаланың əр ауданында орналасқан мобильді пункттерге барып, сауалнама-түйіндеме толтыру қажет. Жастар ресурстық орталықтарының белсенділері жұмыс іздеп келгендерге ақпараттық парақшалар таратады. Сұранысқа сай мамандықтар тізімі əзірленген. Жастар өзіне қажетті жұмысты таңдап, мазалаған сұрақтарын қоя алады. Қаланың адам көп жүретін жерлерінде орналасқан мобильді орталықтар апта соңына дейін жұмыс істейді.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу