Алматыда дәрі бағасын негізсіз қымбаттатқан дәріханаларға 21 млн теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дәрі бағасын негізсіз қымбаттатқан дәріханаларға 21 млн теңге айыппұл салынды

17.08.2020

Алматы облысында дәрі-дәрмек бағасын негізсіз қымбаттатқан 117 дәріхана анықталып, оларға 21 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Мәселен, тек Қапшағай қаласында заң бұзған 18 дәріхана басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері айтты. Дегенмен қазір қаладағы ахуал реттелген және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Жетісудың барлық ауданында тексеру жұмыстары жалғасуда.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу