Карантин уақытында 1,3 млн қазақстандық жұмыссыз отырды

14.08.2020
Карантин уақытында 1,3 млн қазақстандық жұмыссыз отырды

Елімізде карантин кезінде 1,3 миллион адам жұмыссыз отырған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтты.

«830 мың бизнес нысаны осы күнге дейін жұмыс істемеді. Шамамен 1,3 миллион адам жұмыссыз отырды. 17 тамыздан бастап қабылданған шараларға байланысты көптеген бизнес түрлері жұмыс істеуге мүмкіндік алады», - деді Эльдар Жұмағазиев .


Хабарламаларға жазылу