Нұр-Сұлтандағы клиникалық орталықтан соңғы науқас емделіп шықты

12.08.2020

Елордадағы соғыс ардагерлеріне арналған госпитальге «COVID-19» диагнозымен түскен соңғы пациент емделіп шықты. Клиникаға ауыр жағдайда жетіп, дертінен құлан-таза айыққан азамат қалай ем алғанын айтып берді.  68 жастағы Кенжетай Қожеков клиникада 12 күн жатқан. Негізі, Жамбыл облысының тұрғыны. Ауру белгісі білінгенде, алдымен, ауылында 10 күн емделген. Бірақ, жағдайы оңалмағасын, осында келген. 

Кенжетай Қожеков , Емделіп шыққан азамат:

Аппаратты қосты, сдәрі-дәрмектің бәрін салды. Дәрігерлерге ризамын. Бәрі артта қалсын. Бірінші Алла дейміз, екінші мына дәрігерлерр. Халықты аман алып қалып, үйіне қайтарып жатыр. Қуаныштымын, рахмет көп-көп.


Амангелді Сейтхан 

Хабарламаларға жазылу