ҚР Парламент Сенаты депутаттығына сайлау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Парламент Сенаты депутаттығына сайлау өтті

12.08.2020

Бүгін Сенаттағы 17 мандаттың тағдыры шешілді. Жоғары палата депутаттарының қатарына қосылғандар арасында экс-министр, облыс әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдері, ғалымдар мен кәсіпкерлер бар. Сондай-ақ төрт сенатор үйреншікті қызметіне қайта сайланды. 17 мандатқа бас аяғы 46 кандидат таласты. Сенаторларды заңға сәйкес Мәслихат депутаттары таңдайды. Елордадан ұсынылған үш үміткердің ішінде есімі елге етене таныс, саясатта сыралғы Ақылбек Күрішбаев аты озды. Экс-министр әрі ғалым Күрішбаев таңдаушылардың 75% дауысына ие болды.  

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры: 

Көптеген реформа жасаймыз, бірақ нәтижесі жоқ. Сондықтан осы саланың патриоты ретінде өзімнің білген білімімді, тәжірибемді қосқым келеді. Әлі де Құдайға шүкір жасымыз келіп тұрған жоқ. 


Азамат Алдоңғар 

Хабарламаларға жазылу