Ақтауда 300-ге жуық студент диплом ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 300-ге жуық студент диплом ала алмай жүр

11.08.2020

Ақтауда 300-ге жуық студент диплом ала алмай жүр. 2 айдан бері оқу орнының табалдырығын тоздырған олар табылған жұмыстан қағылдық дейді. Кейбірі одан әрі оқу мүмкіндігінен айрылды. Оқу орнының бұл әрекетіне ата-аналар да наразы. 

Әділхан Қадірбаев, Ата-ана:

Кредит алып ақшасын төлеп отырдық. Ал бір ай кешіксек бізге процент қосып төлеткізіп отырды. Енді міне, бұл университеттің құжаттары дұрыс емес деген хабар есітіп отырмыз. Дұрыс болмаса сонша жыл неге оқытады?

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу