Жерді заңсыз саудалаған лауазымды тұлғалар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерді заңсыз саудалаған лауазымды тұлғалар жазаланды

11.08.2020

Жергілікті тұрғындардың пайдаланып отырған жерін шеттен келген инвесторға беріп жіберген Павлодар облысы, Железинка ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері жазаға тартылды. Жайылымдық алқап мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал, осы мәселенің заңды түрде шешілуіне ұйытқы болған өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен оңай құтылды, - деп санайды. Яғни, әкім өзіне бағынышты қызметкерлерге «көзалдау» үшін жеңіл жаза белгілеген. Сондықтан департамент мамандары істі облыстық тәртіптік кеңестің қарауына жолдады.

Қанат Қашкиров, Железинка ауданының әкімі:  

Комиссия төрағасы аудан әкімінің орынбасары. Оған ескерту жарияланды. Ал комиссия жұмысын дұрыс ұйымдастырмаған жер қатынастары бөлімінің басшысына сөгіс жарияланды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу