Солтүстік қазақстанда «Еңбек» бағдарламасына жүгінгендер саны артқан

11.08.2020

Биыл, теріскейде ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 500-ден астам кәсіпкерге жеңілдетілген несие беру жоспарланған. Қазір өңірдегі 286 жобаға қаржы бөлініп, кәсіпкерлердің ісі ілгерілеуде. Әсіресе, «Еңбек» бағдарламасына жүгінгендер көп.

Бақыт Сейілова, Кәсіпкер:  

Заманауи қондырғы болса өнім де сапалы болады. Қазіргі күні біздің Бескөл ауылының тұрғындары бұрынғыдай қалаға емес, бізге келеді. Біздің мақсат та осы еді. Бағдарлама бар екен, тиімділігі жоғары болған соң алдық.


Хабарламаларға жазылу