Елорда тұрғыны кубик-рубиктен Абайдың портретін жасады

10.08.2020

Елордалық ерекше дарын иесі кәдімгі кубик-рубиктен Абайдың портретін салып шықты. Жас талант Тынысбек Бөпіштай айрықша туындыны 5 сағат бойы тапжылмай отырып құрастырған. Барлығы 600 кубикті ары-бері аударып, ақынның бейнесін айнытпай шығарды. Ұзындығы 1 метр 60 сантиметр, ал, ені 1 метр болатын картинаны құрастыруға 6 түсті кубиктің 5 түсін ғана пайдаланды. Ерекше туындыны салып болғанша күткен көпшілік Тынысбектің талантына таңдай қақты.

Тынысбек Бөпіштай, Нұр-Сұлтан тұрғыны:

Мектеп жасынан бастап кубикті құрап-шашуды білетінмін және әртүрлі кейіпкерлердің, жануарлардың мультфильмдегі кейіпкерлердің, гүлдердің суреттер салып жүргем. Басында 100 кубикпен құрап көрдім, 200 кубикпен солай солай 600 кубикпен адамның бейнесін шығардық.  

Амангелді  Сейітхан 



Хабарламаларға жазылу