20 тонна этил спиртін контрабандалық жолмен тасымалдамақ болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20 тонна этил спиртін контрабандалық жолмен тасымалдамақ болғандар ұсталды

06.06.2014
20 тонна этил спиртін контрабандалық жолмен тасымалдамақ болғандар ұсталды
Жамбыл облысында «көлеңкелі» кәсіпке құнығып кеткендердің қолына кісен салынды. Қаржы полициясы қызметкерлері 20 тонна этил спиртін контрабандалық жолмен тасымалдамақ болғандардың ізін кесті.
 
Әккі кәсіпкерлер тексерушілерді шатыстыру мақсатында спиртті сүт және жанар-жағармай тасуға арналған арнайы автокөлікпен алып келе жатқан.
 
Шымкенттен Алматыға қарай бағыт алған екі көлікті тексеру кезінде тауар иелерінің акциздік өнімді сақтауға және оны тасымалдауға рұқсат беретін құжаттары болмай шықты.
 
Тәркіленген спирттің жалпы құны - 19 миллион теңге. Әзірге спирттің нақты қай жерден алынғаны беймәлім күйі қалып отыр. 
 
Мақсат Байдалиев, облыстық Қаржы полициясы департаментінің бөлім басшысы:
Заңға сәйкес, тәркіленген тауарлар сот шешімімен мемлекет пайдасына конфискация жасалады. Ал, қылмыс жасағандарға қатысты сот үкімімен Қылмыстық Кодекстің 190-бабында көрсетілген талаптар қолданылып, жазаға тартылады. 
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу