Гуманитарлық жүктер өңірлерге бір күннің ішінде жіберіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гуманитарлық жүктер өңірлерге бір күннің ішінде жіберіледі

07.08.2020
Гуманитарлық жүктер өңірлерге бір күннің ішінде жіберіледі

Қазақстанға жеткізілген гуманитарлық жүктер ел өңірлеріне 1 тәуліктің ішінде жіберіледі. Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС-ның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда гуманитарлық жүктерге қатысты алдын ала ақпараттандыру енгізілген.

«Ұшақ келіп қонған кезде жүкті рәсімдеуге және бөлуге қажетті құжаттар толық қолымызда болады. Біз бұл жүкті тежемей бір күннің ішінде жолай кетіп бара жатқан көліктермен өңірлерге жібереміз. Қазіргі уақытта кешеуілдеу жоқ. Осы режимде гуманитарлық жүктерді ешқандай проблемасыз жіберуге тырысамыз. Бұл бізде басымдық болып отыр», - деді Ерхат Есқалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Хабарламаларға жазылу