Үш бірдей «Протон- М» зымыран-тасығыштары Байқоңыр ғарыш айлағынан Мәскеуге қайтарылды. Бұған құрылғыдан шыққан ақау себеп болды. «Роскосмостың» баспасөз қызметі хабарлағандай зымырандардың бірі жөнделді.
Айта кетейік, дәл осы жөнделген зымыран шілде айының соңында «Экспресс-80» және «Экспресс-103» телекоммуникациялық серіктерін ғарышқа жеткізген. «Роскосмостың» бас директоры Дмитрий Рогозинның айтуынша, зымырандардың бірқатар бөлшектері 2015-2016 жылдары Челябі облысындағы Усть-Катавск зауытында жасалған. Ақау сол зауытта жіберілген болуы мүмкін.