«Субсидия саясаты қайта қаралуы керек» деген ұсыныс айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Субсидия саясаты қайта қаралуы керек» деген ұсыныс айтылды

05.08.2020

Мемлекет тарапынан берілетін субсидия жайы карантинге байланысты қайта қаралуы керек. Жұмысы уақытша тоқтаған кәсіпкерлердің базынасын жеткізген мәжіліс депутаты Азат Перуашев осындай ұсыныс айтты.

Қолдау қаржы тек дәстүрлі салаларға беріледі, мынадай қиын кезде қызмет көрсету саласына да көңіл бөлу керек дейді ол. Мәселен, Ұлыбритания мейрамханалардың есепшотына субсидия төлейді. Азаматтардың сатып алу мүмкіндігін арттыру жанама түрде бизнеске сеп болады. Ақжол партиясына кәсіпкерлерден көптеген хаттар келуде. Бірқатар азаматтар, несие бойынша төлем мерзімі шегерілгенімен, қарыздың пайызы өскенін жазады. Бейнеконференция арқылы кеңескен кәсіпкерлер барлық ұсынысты Ақжол партиясы арқылы үкіметке жазбаша түрде жолдады.

 «Ағымдық төлемді кейінге қалдырса да, несиенің мерзімін де сонымен бірге тиісті мерзімге әрі қарай жалғастырмаса мерзім біткен соң олардың ағынды төлемдері 2-3 есе көтеріліп кетеді. Тіпті оларға жеңілдіктің орнына керісінше ауыр болып кетеді»,- Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ Жол» партиясының Төрағасы


Хабарламаларға жазылу