Коронавирустың салдарынан бірқатар ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асуы ұзаққа созылуы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов осылай деп отыр.
Әсіресе өңдеу өнеркәсібі көптеген қиындықтарға тап болды. Шикізаттың жоқтығы, қажетті құрылғылар мен жабдықтарды жеткізудегі кідіріс кәсіпорындардың жұмысына айтарлықтай кедергі. Сондықтан көптеген жобалар осы жылдың 3-4 тоқсанында ғана жүзеге асады дейді.
«Жалпы индустриаландыру картасы аясында 2020 жылы елімізде 160 жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, жыл соңына дейін бәрі жүзеге асады деп сенемін»,- Аманияз Ержанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ірі инвеститциялық жобалар жылдың ІІІ-ІV тоқсанында жүзеге асады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/129829/)