Медициналық мекемелерде жоспарлы емдеу жұмысы қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық мекемелерде жоспарлы емдеу жұмысы қайта жанданды

04.08.2020

Атырауда эпидемиологиялық ахуал оңалып келеді. Вирусқа шалдыққандардың 75 пайыздан астамы жазылып шықты. Соның арқасында өңірдегі медициналық мекемелер жұқпалы вуруларға арналған орындарды азайтып, біртіндеп жоспарлы емдеуді бастап кетті. Бүгінде облыстық ауруханада, хирургиялық, неврологиялық және оңалтуды қажет ететін науқастарды қабылдау үшін 200 орын дайындалуда. Мұнда бірер аптадан соң, күрделі операциялар да жасалмақ.   

Хабарламаларға жазылу