Статистиканың біріктірілуі ахуалды дұрыс бағамдауға мүмкіндік береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Статистиканың біріктірілуі ахуалды дұрыс бағамдауға мүмкіндік береді

03.08.2020

Коронавирус пен пневмония статистикасының біріктірілуі ахуалды дұрыс бағамдауға мүмкіндік береді. Індетпен күресіп жатқан дәрігерлер осылай деді. Өйткені, жаз кезінде пневмонияның мұншалықты өршуі қалыпты жағдайға тән емес. Сондықтан, екі деректің бірігуі індетті жеңуге арналған шараларды жетілдіруге ықпал етпек.

«Коронавирустық инфекция жоғары тыныс жолдарымен қатар төменгі тыныс жолдарында зақымдайды. Яғни, төменгі тыныс жолдары ол бізде клиникалық формасы пневмония деп саналады. Бұл қабылданған шешім әрине ең бастысы бізге не үшін қажет. Ең бірінші лабораторлық зерттеу әдістерімен қамтамасыз ету үшін қажет»,- дейді Астана медицина университетінің доценті Баян Турдалина

Хабарламаларға жазылу