Түркиядағы қандастар елге гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядағы қандастар елге гуманитарлық көмек жіберді

01.08.2020

Түркиядағы «Көк ту» қазақ мәдениеті қауымдастығы гуманитарлық көмек жіберді. Медициналық маска мен дәрігерлерге арналған киімдер, оттегі концентраторлары және басқа да вируспен күреске қажет жабдықтар Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне табысталды. Анадолы жерінде қазақтың мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында құрылған «Көк ту» қауымдастығының өкілдері осындай қиын кезеңде елдегі ағайынға аз да болса көмек беруді перзенттік парызымыз деп санайды.

Айдос Әшім 

Хабарламаларға жазылу