Ж.Бекшин: Карантин талабын бұзғандар арнайы стационарға жатқызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ж.Бекшин: Карантин талабын бұзғандар арнайы стационарға жатқызылады

01.08.2020

Тұрғын үйлер мен саябақтарға үздіксіз дезинфекция жасалған соң пневмония көбейді деген ақпарат жалған. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин заласыздандырудың адам ағзасы мен үй жануарларына зияны жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, қауіпті кеселмен күресудің бірден-бір жолы көшелер мен адам көп жүретін жерлерді тұрақты дезинфекциялау. Қолданылып жүрген химиялық препарат- хлор және глюкамин. Су құрамындағы олардың мөлшері де өте аз. Яғни, бұл қауіпсіз концентраттар. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу