Жүк тасымалы үшін рұқсат беру рәсімі автоматтандырылмақ

31.07.2020

Елімізде халықаралық жүк тасымалы үшін рұқсат беру рәсімдерін автоматтандыру көзделіп отыр. Көлік комитетінің хабарлауынша бұл осы саланы қағазбастылықтан арылтып, көрсеткіштерді арттыруға мүмкіндік береді. Десе де ол қазір де жаман емес. Карантиндік шектеулерге қарамастан көлікпен жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың деңгейіндей сақталып отыр. Мәселен былтыр 1,5 миллиард тонна тасымалданса, биыл 1,43 миллиард тонна жүк жеткізілген. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу