Оқушылардың құжаттарын қабылдау 20 тамызға дейін созылды

31.07.2020

Бірінші сыныпқа баратын баланың құжатын қабылдау мерзімі 20-шы тамызға дейін ұзартылды. Карантиннің екі аптаға созылуына байланысты Білім және ғылым министрлігі осындай шешім қабылдады. Ал балабақшалардағы кезекті топтардың жұмысын үшінші тамыздан бастап жандандыруға рұқсат етілді. Алайда, әр аймақтың жергілікті әкімдіктері сол өңірдің эпидахуалына байланысты өз алдына шешім қабылдайтын болды. Нұр-Сұлтан қаласында алдағы екі аптада балабақшалар ашылмайды деген шешім қабылданып отыр. 

Азамат Алдоңғар 

Хабарламаларға жазылу