Ақтөбелік кәсіпкерлер дәрігерлерге демалуға жолдама берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік кәсіпкерлер дәрігерлерге демалуға жолдама берді

31.07.2020

Ақтөбелік кәсіпкерлер Мәртөк аудандық ауруханасына оттегі концентраторын табыс етті. Ал дәрігерлерге сауықтыру кешенінде демалу үшін жолдама сыйлады. Мұндай сыйлыққа ие болғандардың бірі - Мәрзия Жұбаниязова. 10 жылдан бері ауруханада жұмыс істейді. Терапия бөлімінде медбике. Қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте болған маман енді өзі қалаған уақытта сауықтыру орнында демалады.     


Хабарламаларға жазылу