Алматыда 100-ден аса экономикалық қылмыстың жолы кесілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 100-ден аса экономикалық қылмыстың жолы кесілген

08.08.2019

Алматыда жыл басынан бері 111 экономикалық қылмыстың жолы кесілген. Нәтижесінде 3 миллиард теңге мемлекет қазынасына қайтарылды. Сонымен қатар, 5,7 миллиард теңгенің мүлкіне шектеу қойылған.

Тұрғындардың шағымынан кейін мегаполистегі 300-ден астам ойын автоматтары орналасқан орындар жабылып, 500 ойын-терминалының жұмысы тоқтатылған.  Онымен  қоса, 15 ірі ойын залдары мен бір астыртын казино әшкереленген. Оларды тінту барысында 3 рулетка, 230 ойын компьютері, 17 миллион теңге тәркіленген. Осы іс бойынша 21 қылмыстық іс қозғалған. Жедел іздестіру шаралары барысында акцизделмеген 45 мың қорап заңсыз темекіні көтерме бағамен сатпақ болған азаматша қолға түскен. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 214 бабымен жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ Наурызбай ауданындағы жер үйде жасырын цехтың жұмысы анықталған.

 

Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

Астыртын цехтың ішінде 500- ден астам дайын, яғни сатуға дайын спирттік өнім және 1000 литрден аса таза спирт. Содан кейін тағы да қосымша құралдары және осындай қолдан жасайтын спирттік өнім жасайтын құрал саймандарды анықтаған болатынбыз. Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының 233 бабының яғни осындай акцизделетін тауарларды қолдан жасау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

 Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу