Сәтбаев қаласында бұзақы топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәтбаев қаласында бұзақы топ ұсталды

30.07.2020

Сәтбаев қаласында бұзақылық жасағаны үшін 15 адам ұсталды. Қазір оларға қатысты тергеу басталды. Тас-таяқпен қаруланып, полиция ғимаратына кіруге әрекеттенген топ бейнебақылау камералары мен қызметтік автокөліктерді зақымдады. Кінәсі дәлелденсе заңға сай жазаланады. Ал келтірілген шығын есептеліп жатыр. Еске салайық, бір апта бұрын қалада бір топ адам бұзақылық жасады. Ішкі істер органдары шахарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды дер кезінде қабылдады.

Фариза Мұсақызы 

Хабарламаларға жазылу