Науқас азайғандықтан жұқпалы аурулар бөлімшелері біртіндеп жабылып жатыр. Емдеу мекемелері қалыпты жұмысқа көшуде. Ал ауруынан айығып, отбасына оралғандардың қуанышында шек жоқ. Мәселен, Ақмола облысында індетті жұқтыру көрсеткіші төмендеді. Шілденің басында 1 күндік өсім 8 процент болса, қазір 2,2 пайыз. Жұқпалы аурулар орталығында 220 ғана науқас қалды.
Ермек Елберген