«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға конкурс жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға конкурс жариялайды

30.07.2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға конкурс жариялайды

Ұсынылатын жобаға қойылатын негізгі талаптар:

- Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты мен әскерилердің жауынгерлік рухын көрсету;

- Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, патриоттық сезімін арттыру;

- Әскерге шақырылушылар бағдарлама арқылы қажетіне қарай Отан алдындағы борышын өтейтін аймағы, әскери бөлімі туралы қосымша ақпарат ала алуы тиіс;

Байқауға қатысушы компания арнайы концепциямен бірге портфолиосын жолдауы міндетті. Концепцияда жобаның құрылымы, сметалық шығыны, компанияның техникалық жағдайы қамтылады.

Өтініштер 2020 жылғы 20 тамызға kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы «Әскери бағдарлама» атауымен қабылданады.

Байланыс телефоны: 8 (717) 2 75 71 28.


Хабарламаларға жазылу