Ұсынылатын жобаға қойылатын негізгі талаптар:
- Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты мен әскерилердің жауынгерлік рухын көрсету;
- Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, патриоттық сезімін арттыру;
- Әскерге шақырылушылар бағдарлама арқылы қажетіне қарай Отан алдындағы борышын өтейтін аймағы, әскери бөлімі туралы қосымша ақпарат ала алуы тиіс;
Байқауға қатысушы компания арнайы концепциямен бірге портфолиосын жолдауы міндетті. Концепцияда жобаның құрылымы, сметалық шығыны, компанияның техникалық жағдайы қамтылады.
Өтініштер 2020 жылғы 20 тамызға kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы «Әскери бағдарлама» атауымен қабылданады.
Байланыс телефоны: 8 (717) 2 75 71 28.