Несиелік айыппұл мен өсімақы кешірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несиелік айыппұл мен өсімақы кешірілді

08.08.2019

Бір миллионнан астам қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық несиесі бойынша айыппұлы мен өсімақысы кешірілді. Оның 30%-ын Ұлттық банк жапты, қалғаны - екінші деңгейлі банктер есебінен кешірілді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық банкі өкілі Дәурен Сәлімбаев айтты.

Оның сөзінше, келешекте 90 күннен асып кеткен кепілсіз қарыздарға айыппұл, өсімақы салуға заң жүзінде тыйым салынбақ. Сондай-ақ, төлем табыстың 50% -нан асып кетсе, тұрғынға несие берілмейді. Ал әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтардың кредиті тамыз айының соңына дейін өтелмек. Бұл тізімге енген қазақстандықтардың саны 500 мыңнан асады.

Айта кетейік, биыл маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік осал топтарының қарыздық жүктемесін жеңілдету туралы тапсырма берген болатын. Аталған жұмыстар осы бастама аясында жүзеге асырылып жатыр.

Асқар Ниязов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ана мен баланы қолдау басқарма басшысы:

«Бүгінгі күнге дейін қанша адамның қарызы өтелгені туралы нақты ақпарат жоқ, бірақ бізге 1 942 155 адамның тізімі берілді. Әлеуметтік осал топтардың ішіне кіретін 3 миллион теңгеге дейін қарызы бар 447 957 азаматтың тізімі Ұлтық банкке жолданды, ол жерде екінші деңгейлі банктерге жолданады. Ол жерде әрбір азаматтың берешегі, яғни тұтынушылық қарыздары нақтыланып, тізім ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қайта жолданатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, 105 миллиардға жуық теңге қаржы: оның 88 миллиард теңгесі Ұлттық қордан, 17 миллиард теңге Ұлттық банк тарапынан қосымша облигациялар шығару арқылы беріледі»

 

Фариза Мұсақызы

 

Хабарламаларға жазылу