«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Айгөлек» жобасына онлайн байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Айгөлек» жобасына онлайн байқау жариялайды

22.07.2020
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Айгөлек» жобасына онлайн байқау жариялайды

Балалардың музыкалық мәдениетін дамытуға бағытталған «Айгөлек» республикалық телевизиялық балалар байқауының жаңа маусымының іріктеу кезеңіне онлайн өтінімдер қабылданады. Жобаға қатысуға ниетті 5-12 жас аралығындағы дарынды балалар еліміздің кез келген өңірінен aigolek.2020.kz@gmail.com поштасына онлайн өтінім жібере алады. Ол үшін арнайы бейнежазба түсіріп, көрсетілген электронды мекенжайға жіберуі шарт. Өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады. 

Сондай-ақ 5-9 жастағы балалар арасында жүргізушілерге байқау жарияланады. Жобаға үш жүргізуші таңдалады. Ол үшін өлең, қара сөз оқып, оны бейнежазбаға түсіріп, aigolek.2020.kz@gmail.com электронды поштасына жіберуі қажет. 

Толық ақпаратты мына байланыс нөмірі бойынша біле аласыздар: +7 701 326 2974.

 Онлайн өтінім қабылдау бойынша: 

Хореография: +7 747 788 76 64 

Вокал: +7 775 758 00 38 

Дәстүрлі ән: +7 701 326 29 74

Хабарламаларға жазылу