Қазақстанда өткізілген мүлікке салынған тыйымды алып тастау тәртібі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда өткізілген мүлікке салынған тыйымды алып тастау тәртібі өзгерді

22.07.2020
Қазақстанда өткізілген мүлікке салынған тыйымды алып тастау тәртібі өзгерді

Енді мүлікті соңғы өткізген сот орындаушы басқа сот орындаушылары салған барлық тыйымның күшін жояды деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

27 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 

«Борышкердің мүлкіне әртүрлі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде екі және одан да көп сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Бұрын мұндай жағдайларда адал сатып алушы әрбір сот орындаушысына өзінің тыйым салуларын алуы үшін жүгінуге тура келетін. Кейде сот орындаушылары бас тартып, сатып алушы сотқа жүгінуге мәжбүр болатын. Енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мүлікті сауда-саттықта өткізген сот орындаушысы осындай мүліктен барлық тыйым салуларды, соның ішінде басқа сот орындаушыларының тыйым салуларын да жоюға міндетті» делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу