Елімізде 1 млн-нан астам адам 42 500 теңге алуға өтінім берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1 млн-нан астам адам 42 500 теңге алуға өтінім берген

20.07.2020
Елімізде 1 млн-нан астам адам 42 500 теңге алуға өтінім берген

20 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 55 мың өтініш қабылданды. Төлем 880 мың адамға тағайындалды. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 

1 миллион 55 мың өтінімнің ішінде: 

688,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; 

– 271,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-бот арқылы; 

– 50,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; 

– 44,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстар арқылы өтініш берген.

Қордан 880 мың адамға төлем тағайындалды.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу