Алматылық дәрігерлер өкпесі 100% қабынған науқасты аман алып қалды. 44 жастағы ер азамат ауруханаға тыныс жетіспеушілігімен түскен. Ал реанимациядан палатаға бір аптаның ішінде ауыстырылған. Жалпы қазір орталық қалалық клиниканың жансақтау бөлімінде 16 науқас ем алып жатыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Нұрхан Нұрланұлы